Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

"№7 жалпы білім
беретін мектеп"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23/12/2025  Сейсенбі
   

+7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Атамекен ауылы

2050 kz   adilet2kz   akorda kz   ban01 kz   ban02 kz       

Меню

Ауа райы

  Ақтау
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы
Мектебіміздің 9-сынып қыз балалары арасында "Бұрымды қыз" челленджі ұйымдастырылды.
Бұрымды қыздар — қазақ мәдениетінде сұлулық пен ұқыптылықтың символы. Челенждің көмегімен қыздарға сұлулықты сыртқы көрініс емес, ішкі әдемілік пен құндылықтарды көрсету маңызды екендігін түсіндіруге болады. Сондай-ақ, бұрымның ұзындығы мен күтімі қыз баланың өзін-өзі күту мен ұқыптылыққа мән бергенін көрсетеді.
Бұрымды қыз челленджі қыздардың жеке ерекшеліктерін, олардың даралығын көрсетуге бағытталған. Әрбір қыз өз стилі мен сыртқы көрінісіне деген жауапкершілікті сезініп, бұрымды күту арқылы өзіне деген қамқорлықты көрсетеді.
Челлендж аясында оқушылар бір-біріне кеңес беріп, бұрымды күтуге қатысты тәжірибе алмасады, өздерінің жетістіктерімен бөліседі. Бұл қыздардың ынтымақтастық, достық және бір-біріне қолдау көрсету құндылықтарын дамытуға ықпал етеді.
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы.
Желтоқсан-"Бірлік пен ынтымақ айы".
Аптаның дәйексөзі: "Бірлігі күшті ел озады"
02.12.2024ж күні дәстүрлі сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарға "Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық науқаны аясындағы "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" іс-шаралары да кірістіріліп, оқушылармен осы тақырыпта жұмыстар жасалды.
Іс-шараны ұйымдастырып жүргізуші: ДТЖО, сынып жетекшілер
ке кее кеее
"№7 ЖББМ" КММ- де 2024-2025 оқу жылында "Жазылымның сыры" жобасы ұйымдастырылып, жоспарға сай жұмыс жүргізілді.
Жобаның мақсаты:
1. Білім алушылардың көркем жазу дағдыларын дамыту;
2. Жазылым барысында грамматикалық және стилистикалық сауаттылығын арттыру;
3. Оқушылардың өз ойын жазбаша түрде жүйелі және түсінікті жеткізуіне ықпал ету;
Қараша айында 3 диктант алынды. Жазылған диктанттар жауапты мұғалімдер тарапынан тексеріліп, іріктелді. Нәтижесінде 6- сыныптардан 20 оқушы, 7- сыныптардан 21 оқушы үздік деп танылып, марапатталды. Жоба жетекшілері: Байманова А, Турғанбаева Б.
 

Жоспарға сәйкес жүргізілген “Amazing English world” ағылшын - тілі пәні апталығы аясында 9 - сыныптар арасында “My future profession” атты сайыс өткізілді. Сайыс мақсаты білім алушылардың мамандық таңдауда ұжыммен, қоғаммен шығармашылық қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту. Кәсіби білім алуда шығармашылық қабілеттерін дамыту. Болашақ маман иелері оқушылармен бірге болашақ мамандық таңдау жайлы бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін түсіндіру.

https://www.facebook.com/100013398934535/videos/1292974218683148/

Ағылшын тілі пәні апталығы жоспарына сәйкес 6-сынып оқушылары арасында өткен "HARRY POTTER” сиқырлы әлем сайысы сәтті аяқталды! Олар Дж.К. Роулингтің «Гарри Поттер» шығармасындағы сиқырлы әлемге шынайы қызығушылық танытты.
Шараның негізгі нәтижелері:
• Оқушылар Гарри Поттер әлемі туралы білімдерін кеңейтіп, викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.
• Шығармашылық тапсырмалар барысында қатысушылар өз қиялдары мен қабілеттерін көрсетті.
Барлық қатысушылар марапатталды.
Шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және командалық жұмысқа деген ынтасын арттыруға септігін тигізді. "HARRY POTTER” сиқырлы әлем сайысы балаларға ұмытылмас әсер қалдырды!
Ұйымдастырушылар: Калыбаева А. Рзабаева А. Чалабаева Г.
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру бойынша "Даналық мектебі" клубы аясында "Өнегелі он бес минут" іс-шарасы өткізілді.
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында әжелермен кездесу ұйымдастырылды. Әжелеріміз шәкірттерге өнегелі әңгімелерін айтып, отбасылық және ұлттық құндылықтырды дәріптеді. 
Кездесуді ұйымдастырып, жүргізген: ДТЖО және бастауыш сынып мұғалімі Жанкеева Нұргүл
 
 
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Күзгі асар" жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге 4- сынып окушылары тамаша туындыларымен қатысты.
Көрмеге күзгі өнімдер арқылы керемет идеялармен жасалған жұмыстар қойылды.
 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "SMART BALA" жобасы аясында 8-сыныптар арасында челлендж ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/100013398934535/videos/595299979726533/

2024 оқу жылының 28 қараша күні 3 - сынып оқушылары арасында "The Secret of treasure map" атты сайысы өтті.
1 кезеңнен бастап оқушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Сайыс 4 кезеңнен құралды.
1. Сұрақ -жауап
2. ⁠Есеп шығару
3. ⁠Сәйкестендіру
4. ⁠Грамматика.
Берілген тапсырмада қатысушылар сөздердің екі тілде (қазақ және ағылшын) баламасын табу арқылы өздерінің сөздік қорын қаншалықты жақсы меңгергенін тексерді. Айтылым, жазылым мен тыңдалым дағдысына және жаратылыстану, математика мен дене шынықтыру пәндері бойынша тапсырмалар орындалды. Сайыс соныңда оқушылар тәтті сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Ұтқан топ сайысымыздың 2 -ші кезеңіне жолдама алды.
 
Қараша айының іс жоспарына сәйкес көркем еңбек пәні мұғалімдері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында 5,6,7-сыныптар арасында сурет салу байқауы өткізді.
Байқауға білім алушылар белсене қатысып, аталған тақырыпты сырлы бояу, қырлы қарындаштармен жеткізген.
Байқауының мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында адалдық пен әділдік принциптерін насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерлерін көрсету арқылы оның алдын алу шараларын күшейту. Байқау арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және мемлекет пен қоғамның осы маңызды мәселеге деген назарын аудару көзделеді.
Көрмені жоспарлап, ұйымдастырушы: ДТЖО, сынып жетекшілер және көркем еңбек пәні мұғалімдері
 
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру бойынша "Даналық мектебі" клубы аясында "Өнегелі он бес минут" іс-шарасын өткізді.
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында әжелермен кездесу ұйымдастырылды. Әжелеріміз шәкірттерге өнегелі әңгімелерін айтып, отбасылық және ұлттық құндылықтырды дәріптеді.
26.11.2024ж мектебімізде 9,10,11-сынып білім алушылардың қатысуымен режиссер Ринат Балғабевтың деректі фильмі көрсетіліп, таныстырылды.
Осыған орай, нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу және жас ұрпақтың қылымыстық қолсұғушылығын болдырмау мақсатында көрсетілді.
Деректі фильмде ақшаның жолын қуып, қазір 10 және одан да көп жылға бас бостандығынан айырылған қарапайым есірткі курьерлерінің сұхбаттары бар. Олар өз істеріне өкініп, жастарды мұндай кесірлі де, қауіпті іске араласпауды сұрайды.
 

Сынып сағаттарында оқушыларға кіші сержант, жауынгер, батыр -шекарашы Раджан Батркановтың өмір жолы, жеткен жетістіктері туралы толық мәлімет берілді.

https://www.facebook.com/100013398934535/videos/528803573484896/

Мектебімізде 21-22.11.2024ж күндері
2-4 сыныптар арасында «Асыл сөзді іздесең, жоғалмайтын сол мұра» жобасының
І кезеңі болып өтті. 2 сынып оқушылары қазақтың ағартушы-педагогы, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдерін, 3-4 сынып оқушылары ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен өлеңдерін, қара сөзін көркем оқудан сайысқа түсіп, өз шығармашылығын шыңдап, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Жобаның мақсаты – оқушылардың аталған ақындар өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Ұлы Абай мен ағартушы тұлға Ыбырайдың әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында 04-25 қараша аралығында "Әділдік және жауапкершілік" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Аптаның дәйексөзі: "Жауапкершілік -адамгершілік қасиеттің көрінісі".
js jn jk kk  jd

"Мұнайлы аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК -нің мамандары қатысуымен 11жас, 12жас, 13 жас 11ай мектеп оқушыларына АПВ екпесін егу мақсатында және ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу іс-шаралары аясында ата-аналар жиналысы өтті.

jenis

ҚАРАША АЙЫ-ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Аптаның дәйексөзі: "Тура биде туған жоқ"
u r е a
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні аясында - жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.
​Диктанттың мақсаты - Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Диктант жазуға 10 - 11 сынып оқушыларынан барлығы 212 оқушы қатысты.
5 6 7
ЖАС ҚАНАТ - 2024 
Бүгін 12.06.2024ж күні 9 - сынып білім алушыларына аттестат табыстау салтанатты рәсімі өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп директоры К.Д.Нұрбаева, мектеп директорының орынбасарлары, мұғалімдер мен оқушылар, ата - аналар қатысты.
2023 - 2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 179 оқушы 9 - сыныпты аяқтады. Оның ішінде 8 оқушы Үздік аттестатқа ие болды.
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар, балаларыңыз үміттеріңізді ақтап, болашақта мықты маман иесі болып, еңбектеріңіздің өтеуі қайтсын.
j ja jas
"Ұрпақ тәрбиесі-Ұлт болашағы" атты аудандық І әкелер форумы өтті.
Мақсаты:заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу, ер азаматтардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және әдістемелік көмек беру;
Аталған форумға білім бөлімінің басшысы, орталық әдіскерлері, ұлағатты әке ұстаздар, теолог маман, аудандық "Парасатты отбасы" байқауының жүлдегерлері, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар, сынып жетекшілер және аудан мектептерінің әкелері қатысты (80 ге жуық)
Форум спикерлері қазіргі жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, ізгілікті- рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту туралы сөз қозғалып, тәжірибе алмасып, ой бөлісу болды.
Форум соңында мектеп өмірімен үнемі байланыста отыратын белсенді әкелер Мұнайлы аудандық білім бөлімі басшысының АЛҒЫСЫМЕН марапатталды. Осындай алғысқа мектебіміздің “Ата - аналарды педагогикалық қолдау” жобасының мүшесі Сулейменов Талгат Жумакасымович ие болды.
Құттықтаймыз!
фор фору